Биыл студенттерге 150 мемлекеттік атаулы стипендия берілмек
Биыл еліміздің жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім ордаларының студенттері үшін 150 мемлекеттік атаулы стипедия тағайындалмақ, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
«Осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес мемлекеттік атаулы стипендиялар тағайындалсын. Оның орындалуын бақылау жетекшілік ететін ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министріне жүктелсін», - делінген ведомство басшысының бұйрық-жобасында.
Құжатқа сай, биыл мемлекеттік атаулы стипендиялар мына көлемде бөлінеді:
- Әл-Фараби атындағы мемлекеттік стипендия – 15;
- Абай атындағы мемлекеттік стипендия – 6;
- Ақан Сері атындағы мемлекеттік стипендия – 5;
- М.Әуезов атындағы мемлекеттік стипендия – 3;
- Ш. Айманов атындағы мемлекеттік стипендия – 1;
- К.Әзірбаев атындағы мемлекеттік стипендия - 1;
- Ақбаев атындағы мемлекеттік стипендия – 2;
- Ы.Алтынсарин атындағы мемлекеттік стипендия – 9;
- С.Д.Асфендияров атындағы мемлекеттік стипендия – 3;
- К.Байсейітова атындағы мемлекеттік стипендия – 4;
- А.Байтұрсынов атындағы мемлекеттік стипендия – 2;
- О.А.Байқоңыров атындағы мемлекеттік стипендия – 3;
- Н.Байғанин атындағы мемлекеттік стипендия – 1;
- А.Бараев атындағы мемлекеттік стипендия – 2;
- Біржан атындағы мемлекеттік стипендия – 2;
- Е.А.Бөкетов атындағы мемлекеттік стипендия – 1;
- О.Бөкеев атындағы мемлекеттік стипендия – 1;
- Ш.Уәлиханов атындағы мемлекеттік стипендия – 6;
- А.Ермеков атындағы мемлекеттік стипендия – 2;
- А.Елеманов атындағы мемлекеттік стипендия – 1;
- М.Ермеков атындағы мемлекеттік стипендия – 1;
- Ж.Елебеков атындағы мемлекеттік стипендия – 2;
- І.Жансүгіров атындағы мемлекеттік стипендия – 2;
- Жамбыл атындағы мемлекеттік стипендия – 2;
- Ы.Жақаев атындағы мемлекеттік стипендия – 5;
- Н.Жантөрин атындағы мемлекеттік стипендия – 1;
- Қ.Жұбанов атындағы мемлекеттік стипендия – 1;
- А.Жұбанов атындағы мемлекеттік стипендия – 1;
- М.Жұмабаев атындағы мемлекеттік стипендия – 1;
- А.Иманов атындағы мемлекеттік стипендия – 2;
- А.Затаевич атындағы мемлекеттік стипендия – 1;
- Ә.Қастеев атындағы мемлекеттік стипендия – 1;
- Құрманғазы атындағы мемлекеттік стипендия – 2;
- С.Қожамқұлов атындағы мемлекеттік стипендия – 1;
- Б.Майлин атындағы мемлекеттік стипендия – 1;
- Б.Момышұлы атындағы мемлекеттік стипендия – 3;
- Ғ.Мүсірепов атындағы мемлекеттік стипендия – 2;
- Ф.Мұхамедқалиев атындағы мемлекеттік стипендия – 1;
- Қажымұқан атындағы мемлекеттік стипендия – 1;
- А.С.Пушкин атындағы мемлекеттік стипендия – 2;
- Т.Рысқұлов атындағы мемлекеттік стипендия – 2;
- Қ.Сәтбаев атындағы мемлекеттік стипендия – 11;
- С.Сейфуллин атындағы мемлекеттік стипендия – 5;
- К.Скрябин атындағы мемлекеттік стипендия - 4;
- С.Торайғыров атындағы мемлекеттік стипендия – 1;
- М.Төлебаев атындағы мемлекеттік стипендия – 3;
- Тәттімбет атындағы мемлекеттік стипендия – 1;
- Т.Тәжібаев атындағы мемлекеттік стипендия – 3;
- М.И.Усанович атындағы мемлекеттік стипендия – 4;
- А.Чаянов атындағы мемлекеттік стипендия – 6;
- П.И.Чайковский атындағы мемлекеттік стипендия – 1;
- Ж.Шанин атындағы мемлекеттік стипендия – 1;
- Шәкәрім атындағы мемлекеттік стипендия – 2;
- Ә.Мәмбетов атындағы мемлекеттік стипендия – 2.
Бөлінген жалпы 150 стипендияның 146-сын Ғылым және жоғары білім министрлігі тағайындауға құқылы. Ал қалған төртеуін медицина бағытында білім алатын студенттер арасында Денсаулық сақтау министрлігі үлестірмек.
Бұйрық-жобасы 29 маусымға дейін көпшілік талқылауда болады.