Қазақстандық оқушылар дүниежүзілік олимпиадада жеңімпаз атанды

2 533

Қазақстандық оқушылар Панама қаласында өткен робототехникадан дүниежүзілік "World Robot Olympiad" олимпиадасында жеңімпаз атанды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, сайыста 80-нен астам мемлекеттің 10-19 жас аралығындағы 6-11 сынып оқушылары қатысты. Робототехника бойынша дүниежүзілік олимпиаданың қорытындысы бойынша, қазақстандық үш команда жүлдегер атанды.


Олар:

  • 2 орын (күміс) – "Future Engineers" категориясында астаналық 10-сынып оқушылары Ансар Саурбаев және Амир Карабаев;
  • 3 орын (қола) – "Robo Mission" категориясында Астана қаласының 8-9 сынып оқушылары Вагиз Дисембаев пен Жанарыс Капаров;
  • 3 орын (қола) – "Future Engineers" категориясында Қызылорда қаласының 11-сынып оқушылары Максим Усольцев пен Дінмұхамед Әбдиев.

Дүниежүзілік роботтар олимпиадасы ең алғаш 2004 жылы Сингапурда 1-ші роботтар сайыс- фестивалі ретінде өткен болатын. Қазақстан аталған олимпиадаға 2014 жылдан бері қатысып келеді.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.