«Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде» тақырыбында эссе байқауы өтті

2 516

«Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастыруымен Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің 1 оқу ғимаратында «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде» атты Республикалық үздік эссе жазу байқауы өтті , - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Байқауға «Мың бала» мәдени-ағартушылық жобасы аясында «Мәміле» пікір-алмасу клубының мүшелері және студенттер қатысты. Байқаудың мақсаты  – қазақ тілінің маңыздылығы мен құндылықтарын эссеге негіз ете отырып, қолдану ауқымын кеңейту, мемлекеттік тілді насихаттау болып табылады.


Шығаршалыққа жақын жандарға мотивация беру, жас буынның ізденісін арттыруды көздеген шарада қала және барлық ауданнан 168 студент бақ сынады. Қатысушыларды әділ қазылар ұсынылған жұмыстардың көркемділігіне, мазмұнына, өзектілігіне қарай бағалады.

Нәтижесінде I дәрежелі дипломды - Мұхаммедшах Каюп, II дәрежелі дипломды - Нұрайым Мырқиева, III дәрежелі дипломды Максим Голованов пен Айзере Амангелдиева иемденді. Сондай-ақ, Венера Халилова, Айжарық Даниал, Бақдәулет Алсеитов, Аружан Серікова, Сания Бердібекова Қызылорда облыстық қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ директоры Бақытжан Камаловтың Алғыс хатымен марапатталды.