Оқушылар халықаралық математика олимпиадасында төрт медаль иеленді

2 544

Оқу-ағарту министрлігіҚазақстандық оқушылар EGMO-2024 қыздарға арналған халықаралық математикалық олимпиадада төрт медаль жеңіп алды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Цхалтубо қаласында (Грузия) EGMO-2024 қыздарға арналған халықаралық математикалық олимпиадасы өз мәресіне жетті. Жарысқа 54 елден 212 оқушы қатысты. Қазақстан құрама командасында төрт оқушы мен екі жетекші бар.


Олимпиада қорытындысы бойынша Қазақстан командасының қоржыны 4 медальға толықты:

  • Күміс медаль - Анастасия Одинцова - Павлодар қаласындағы дарынды балаларға арналған №8 мектеп-лицейінің 11-сынып оқушысы;
  • Күміс медаль - Амира Кенбаева – Алматы қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 11-сынып оқушысы;
  • Қола медаль - Арай Қасенова – Алматы қаласындағы Haileybury Almaty халықаралық мектебінің 11-сынып оқушысы;
  • Қола медаль - Аружан Батырхан - Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінің 9-сынып оқушысы.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.