Бүгін мемлекеттік грант иегерлерінің тізімі жарияланатын күн

4 145

Фото: pixabay.com2025–2026 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру гранты иегерлерінің тізімі қашан жарияланатынын белгілі болды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Грант иегерлерінің тізімі бүгін 7 тамызда шығады.

Бұл туралы ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлімдеді. 

“Құрметті достар, талапкерлер және ата-аналар! Күні кеше ғана мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындау жөніндегі республикалық комиссия отырысы аяқталды. Сәйкесінше, сіздер тағатсыздана күткен мемлекеттік грант иегерлерінің тізімі ертең, яғни 7 тамыз жарияланатындығын қуана хабарлаймын”, – делінген министр жазбасында.

Тізім ғылым және жоғары білім министрлігінің ресми парақшаларында жарияланады. 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.