Инклюзивті білім беру: Мектептердің 86%-дан астамы қамтылған
ҚР Оқу-ағарту министрлігімен Білім беруді дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасына сәйкес елімізде инклюзивті білім беруді дамыту бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында Ақмола облысының төрт ауданында инклюзивті білім беруді қолдау кабинеттері ашылды. Атап айтқанда Бурабай, Бұланды, Сандықтау және Жақсы аудандары.
Инклюзивті білім беруді қолдау кабинеттерінің негізгі мақсаты – ерекше білім беруді қажет ететін балаларға оқу кезінде психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету.
Қазіргі уақытта елімізде мектептер жанынан 1051 инклюзивті білім беруді қолдау кабинеті және 22 ресурстық кеңес беру орталығы жұмыс жасауда. Бұл шаралар барлық балаға қолжетімді және инклюзивті білім беру ортасын құруға бағытталған.