«Бөбек» сауықтыру орталығы инклюзивті білім беру орталығына айналады

2 562

Фото: Оқу-ағарту министрлігіОқу ағарту министрлігі «Бөбек» ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын шаруашылық жүргізу құқығындағы үздіксіз инклюзивті білім берудің ұлттық ғылыми-практикалық орталығы етіп қайта ұйымдастырмақшы. Үкімет ведомствоның бұл ұсынысын қолдаған, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Көпшілік талқылауына шығарылған бұйрық жобасында мекеменің келешектегі ресми атауы «Үздіксіз инклюзивті білім берудің ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны» болатыны айтылған. 


«Оқу-ағарту министрлігінің бұл бастамасын Қазақстан Республикасының Үкіметі қолдады. Бұдан басқа, шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорын болып қайта ұйымдастыру ұсынылады. Ол орталыққа ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша гранттық қаржыландыру конкурстарына қатысуға, инклюзивті білім беруді дамытудың өзекті мәселелері бойынша зерттеулер жүргізуге және орталықта жұмыс істеу үшін ғылыми кадрларды тартуға мүмкіндік береді», - деп жазылған құжаттың негіздемесінде.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.