«Грантқа түсіремін»: ата-аналардан 7 млн теңге алған алаяқ ұсталды

1 180

Фото:elements.envato.comАстанада 21 жастағы жігіт грантқа түсіремін деген уәдемен ірі көлемде ақша алған, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

«Қаскүнем грантқа аударуға көмектесемін деген желеумен, алдау және сенімге қиянат жасау арқылы бөтеннің мүлкін иемдену мақсатында қылмыстық ниетпен ақша талап етіп, алдап кеткен. Келтірілген жалпы шығын көлемі шамамен 7 миллион теңгені құрайды», - деп хабарлады Полиция департаменті.

Жас жігіт жасаған қылмысын мойындады. Алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Тергеу барысында ұсталған азаматтың осыған ұқсас 15 эпизодқа қатысы бар екені анықталды.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.