Жаңа оқу жылында 500 мыңнан астам бала мемлекеттен қолдау алды

1 221

Фото: Zakon.kzМемлекет әлеуметтік жағынан осал отбасылардағы 500 мыңнан астам балаға қолдау көрсетті, - "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Қолдау атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алатын, табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардағы оқушыларға, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, сондай-ақ төтенше жағдайлар салдарынан шұғыл көмекке мұқтаж отбасылардағы мектеп оқушыларына көрсетілді. Жергілікті атқарушы органдардың мәліметі бойынша, өтініш бергендердің 100 пайызы мемлекеттен қаржылай көмек алған.

"Бұған дейін Оқу-ағарту министрлігі көмек көрсету механизмін, оның ішінде ата-аналардың есепшоттарына ақша аударуды жетілдіру бойынша шаралар қабылдаған болатын. Бұл шара ата-аналар мен балаларға киім-кешек пен оқу құралдарын жеткізушілерді өз бетінше таңдауға мүмкіндік берді, осылайша сапасыз тауарларды алуды болдырмайды. Биылғы жылы әрбір оқушыға орташа есеппен 45 мың теңге шамасында қаражат бөлінді", - деп атап өтті Балалардың құқығын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Юлия Овечкина.

Сондай-ақ Оқу-ағарту министрлігінің бастамасымен жыл сайын 30 қыркүйекке дейін жалғасатын "Мектепке жол" республикалық қайырымдылық акциясы өткізіледі. Бүгінгі күні акция аясында ондаған мың отбасы демеушілердің көмегіне ие болды.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.