«Ақылды көзілдірік» ойлап тапқан атыраулық оқушы әлемнің кез келген университетінде тегін оқуға мүмкіндік алды
Атырау «Білім-Инновация» лицейінің 11-сынып оқушылары Хайдар Атағұлла мен Қайырхан Лұқпанов ойлап тапқан «Ақылды көзілдірік» бағдарламасы әлемнің үздік 100 жобасының қатарына енді, – деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
«Ақылды көзілдірік» Jasscience-2024 байқауынан 1-орын иеленді және дүниежүзіндегі ең беделді бағдарламаның бірі 100 Rise Global Winners 2024 тізіміне енді. Соның нәтижесінде жоба авторларының бірі Хайдар Атағұлла әлемнің кез келген университетінде тегін оқуға мүмкіндік алды.
Көзілдірік төрт түрлі функция атқарады.
Қаз
Рус






