Ресейде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филиалы ашылады

2 656

Фото: ortcom.kzҚасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин Ф.М.Достоевский атындағы Омбы мемлекеттік университетінің базасында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филиалын ашу рәсіміне бейнебайланыс арқылы қатысты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Көрші елде тұңғыш рет ашылған қазақстандық жоғары оқу орнының филиалына талапкерлерді қабылдау 2025 жылдың қыркүйек айына жоспарланған. Қазақстан мен Ресей үкіметтері студенттерді оқыту үшін арнайы 200 грант бөлді. Мұнда «Халықаралық құқық», «Қазақ филологиясы» және «Кеден ісі» сияқты білім беру бағдарламалары бойынша бакалаврлар мен магистрларды даярлайды.