Биыл жас ғалымдарға 140 баспана тегін беріледі
2 653
Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Үкімет отырысында жас ғалымдарды қолдау тетіктерін атады, -деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
"Жас ғалымдарға арналған гранттық конкурстар арқылы 2000-нан астам зерттеуші 835 жобаны іске асыру мүмкіндігін алды. Жас ғалымдарға тұңғыш рет 351 пәтер берілді. Оның ішінде 61-і президентіміздің тікелей тапсырмасымен тегін берілді. Жалпы биыл 140 тегін пәтер беріледі.", - деді ведомство басшысы.
Министрдің сөзінше, ғылыми дәрежелер мен атақтарға төленетін қосымша төлемдер артқан.
"Халықаралық тағылымдамалар жалғасуда. Енді «Үздік ғылыми қызметкер» сыйлығы, ғылым саласындағы мемлекеттік сыйлықтар және 50 талантты жас ғалымға стипендия бөлінеді.", - деді Саясат Нұрбек.