"Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы" атанған ұстаздар мектепті басқару ісіне араласпақ

782
«Қазақстанның Еңбек ері», «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» атақтарын алған мұғалімдер мектепті басқару мәселелеріне қатысады, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.



Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мәлімдеді. 

Білім беру сапасын жақсарту мақсатында «Қазақстанның еңбек ері», «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» атағын алған мұғалімдер мектепті басқару мәселелеріне қатысады. Оған қоса, білім берудегі тәуелсіз кәсіби сарапшылар институтын дамытатын боламыз. Бұл ретте педагогтың жоғары мәртебесі білім сапасын жақсартуға қызмет етеді, - деді Ғани Бейсембаев елордада өткен министрліктің алқа отырысында.

Сонымен бірге, Президент кадр резервіне ұқсас білім мекемелері басшылығына болашақ кандидаттардың республикалық дерекқоры құрылады.

Бұл шара білім беру ұйымдарын білікті басшылармен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, пән мұғалімдерінің деректер базасы құрылады, ол өңірлердегі педагог кадрларының тапшылығын жоюға көмектеседі. Бұдан басқа, білім беру ұйымдарының басшыларының жалақысы көбейеді, - деді Оқу-ағарту министрі.