"Ұстаз" ұлттық платформасы жаппай қолданысқа енгізілді

2 287

Фото: freepik"Ұстаз" ұлттық платформасы жаппай қолданысқа енгізілді. Ұлттық плтформа мұғалімдердің онлайн аттестациядан өтуіне мүмкіндік береді,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Бүгінде мектепке дейінгі, жалпы орта, арнайы, қосымша, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарынан 640 мыңнан астам педагог жеке кабинет ашып, тіркелген. Қазірдің өзінде 95 мыңнан астам мұғалім кәсіби деңгейін дәлелдеуде, ал 40 мыңға жуық педагогтың өтініші бойынша шешім шығарылған.

Платформаның басты ерекшелігі – бағалау процесі әділ және ашық жүргізіледі. Деңгей тек комиссия емес, автоматтандырылған жүйе арқылы анықталады.

Мамандардың айтуынша, бұл тәсіл ұстаздарды біліктілігін үнемі арттырып отыруға ынталандырады.