Директорлар STEM бағытын дамытуға келісті

2 516

Фото: ©ҚР Оқу-ағарту министрлігіАстанада өткен конференцияда келешек мектептердің директорлары STEM-моделін зерттеп, іс-қимыл жоспарын әзірледі, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі kaz.inform.kz сайтына сілтеме жасап.

Семинарға ҚР Оқу-ағарту министрлігіЫ. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, Зияткерлік мектептері, «Білім-инновация» қоры және «Республикалық физика-математика мектебі» өкілдері қатысты. Семинар шеңберінде «Республикалық физика-математика мектебінің» өкілдері Алмаз Күнғожин және Светлана Мендіғалиева мектепті басқарудағы өз тәжірибелерімен бөлісіп, білім мекемелерін дамытудың нақты формуласын ұсынды. Тәжірибелі басқарушылар Келешек мектептерінің директорларын заманауи мектептер үшін сапалы білім, жүйелі олимпиадалық дайындық және айқын стратегиялық жоспар маңызды деген қорытындыға жетеледі.

 Заманауи мектептердегі басты назар оқушыны тек білім алушы емес, инженерлік тұрғыда ойлай алатын тұлға ретінде қалыптастыруда болуы керек. Сондықтан мектептің қазіргі деңгейін бағалау, даму бағытын белгілеу, кедергілерді анықтау және осы жұмысты алға жылжытатын нақты команданы қалыптастыру маңызды деген шешімге келді.

"Топтық жұмыс барысында директорлар физика, математика және инженерлік бағыттағы мектеп миссиясы, тереңдетілген пән жүйесі, халықаралық STEM мектептері қауымдастығымен серіктестік тәжірибесі, түлектердің жаһандық компанияларда тәжірибе жинақтауы және цифрлық білім беру ортасын дамыту тәжірибесімен танысты. Ал, практикалық бөлімде білім мекемелерінің басшылары өз мектептерінде STEM бағыттарын дамытуға арналған 12 айлық нақты жол картасын әзірледі," – делінген хабарламада.

Конференция барысында директорлар тәжірибелік мысалдар арқылы STEM-білімін жетілдірудің тиімді жолдарын зерттеп, мектептердің даму стратегиясын нақтылап, білім беру сапасын арттыруға бағытталған практикалық қадамдарды талқылады.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.