Петропавлда халықаралық білім жүйесі енгізіледі

460
Петропавлдық студенттер АҚШ-тың әйгілі Аризона университетінің дипломын алады. Солтүстік Қазақстандағы университет осы оқу орнының сенімгерлік басқаруына берілмек,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Хабар 24 арнасына сілтеме жасап.

Халықаралық білім ошағы мен еліміздің білім және ғылым министрлігі келісімшарт жасап қойды. Алғашқы дайындық топтары қыркүйек айында ашылады. Заманауи оқу бағдарламасында инженерлік, агротехникалық, педагогикалық және цифрлы ғылым мамандықтары бар. Қазақстандық студенттер бір семестр АҚШ-қа да барып оқиды. Осыған байланысты Петропавлда жаңадан оқу-зертханалық корпусы салынып жатыр. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылға қарай елде беделді шетелдік жоғары оқу орындарының кем дегенде 5 филиалын ашу керек деген тапысырмасының басы болмақ.

Ақмарал Тұрғалеева, СҚУ басқарма мүшесі:

– Қазақстандық және халықаралық профессорлар ағылшын тілінде оқытады осы барлық бағдарлама бойынша. Нәтижесінде біз ойлаймыз біздің дарынды студенттер шетелге кетпейді деп. Оларда енді мүмкіндік бар. Осы халықаралық деңгейде білім алуға.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.