«Болашақ» бағдарламасының бағытын қайта қараймыз - Президент

344
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Болашақ» бағдарламасының бағытын қайта қарау керек деп есептейді. Бұл туралы ол Қазақстанның ірі бизнесмендерімен кездесуде айтты,- деп хабарлайды Opennews.kz  ақпарат агенттігі ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

«Жалпы, еліміздегі білім беру жүйесін қайта форматтағым келеді. Біз экономистерді, заңгерлерді, менеджерлерді және т.б. мамандық иелерін тым көп шығарып жатырмыз. Қазір білім саласын техникалық арнаға түсіруіміз керек. «Болашақ» бағдарламасын қайта бағдарлаймыз. Жастарды техникалық жоғары оқу орындарында оқуға, соның ішінде Ресейге, бәлкім тіпті ең алдымен, Ресейге жіберетін боламыз», - деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Мәжілісінің 11 қаңтардағы жалпы отырысында қазір Қазақстанға инженерлік біліктілігі бар мамандар ауадай қажет екенін айтқан болатын.

«Жалпы бәрімізге білім туралы көзқарасымызды өзгерту қажет. Гуманитарлық мамандықтармен әуестену кезеңі келмеске кетті. Басымдықты техникалық мамандықтарға беру қажет. Инженерлер мен өнеркәсіп өкілдерінің жаңа буынын өсіріп шығару қажет болып тұр», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.