Сабаққа бармай 10 мың шәкірт студент ретінде тіркелген
441

«Білім сапасы төмен 15 жоғары оқу орны жұмысын тоқтатты. Тағы оқыту сапасы нашар 65 ЖОО-дан 500-ден астам лицензия кері қайтарылды. Сондай-ақ 30 колледж жұмысын тоқтатып, тиісті деңгейде білім бермеген мамандықтар бойынша 2000 лицензия министрлікке қайтарылды. 100 мыңнан астам студент басқа жоғары оқу орындарына ауыстырылды. Сонымен қатар тексеру кезінде іс жүзінде оқытылмаған он мыңға жуық студент оқудан шығарылды. Жоғары оқу орындарында олардың құжаттары да болмаған», - деді ведомство басшысы.
Оның айтуынша, 2021 жылы жекеменшік мектептер саны артқан. «Өткен жылы 170-ке жуық жекеменшік мектеп ашылды. Бұл, ең алдымен, жан басына қаржыландыруды енгізу және мемлекеттік тапсырысты орналастырудың нәтижесінде жүзеге асырылды», - деп жазды министр. Асхат Аймағамбетов өз парақшасындағы жазбасында жоғары оқу орындарының басшылары конкурстық рәсім арқылы қайта тағайындалғанын атап өтті.