Колледж директорларының жалақысы мектеп мұғалімдерінің айлығынан төмен – Асхат Аймағамбетов

400

Фото: Оқу-ағарту министрі баспасөзіҚР Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов еліміздегі колледж директорларының жалақысының төмен екенін айтты. Оның сөзінше тіпті мектеп мұғалімдерінің айлығы колледж директорларынан жоғары, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.


"Сондықтан бұл жерде өте күрделі өзгерістер қажет. Министрліктің өз ұстанымы бар. Біз тиісті мемлекеттік органдармен келесі оқу жылында бұл мәселені толық шешуге бар күш-жігерімізді саламыз", –  деп уәде етті ведомство басшысы.


Бұл ретте министр атқарылған жұмыстардың нәтижесіне тоқталды. Айтуынша енді колледж оқытушыларының санатты жоғарылатқаны үшін қосымша ақы алуға мүмкіндігі бар. Бұрын бұл аттестациядан өту үшін жасалатын. Сондай-ақ 180 колледж қайта жабдықталып, барлық колледжде нарық пен жұмыс берушілердің талаптарына сай білім беру бағдарламаларын өзгертуге мүмкіндіктер пайда болды.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.