ҚР Білім және ғылым министрлігі жаңа жобаны іске қосты

422
Білім министрлігі әлеуметтік желіде - «Желіге шолу» жаңа жобасын іске қосты, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 

Жобаның басты мақсаты – желі қолданушылары жазған пікірлерге, сұрақтарға жауап беру, өзекті мәселелерге қатысты көпшілікке дұрыс ақпаратты түсінікті тілде жеткізу. 

Мәселен, вице-министр желі қолданушыларының келесідей сұрақтарына жауап берген:

- Аризона университетінің филиалына қарапайым халықтың балалары қалай түседі

- Ең бастысы балалар ағылшын тілін білуі керек. Аризона университетінің арнайы емтиханы болады.

 - Аризона университеті ЛГБТ-ны ресми түрде үйретер?! Несіне қуанып мәз боламыз?

- Ең бірінші мынаны айтуымыз керек, Аризона университетімен келісім жасаған кезде тәрбие жұмысын толығымен Қазақстан жағы қадағалайды, бақылайды деп келістік. Тәрбие жөніндегі ректордың орынбасары Қазақстан жағынан тағайындалады және бүкіл тәрбие жұмысы біздің менталитетімізге сай, құндылықтарымызға сай жүргізіледі. 

 «Аризонада 4 жыл бойы оқыдым. Мен өз көзімен көрдім. ЛГБТ насихаты еш уақытта болған жоқ. Қазақстандық бір де бір студент осындай қауымға қосылған жоқ», - дейді «Болашақ» халықаралық бағдарламасының түлегі Байжанов Нұрсейт. 

- Жақсы хабар. Онда қандай мамандықтар бойынша дайындайды? Білім және ғылым вице-министрі Аризона университетінің мықты бағыттары бойынша басымдық берілгенін мәлімдеді. Бұл ауыл шаруашылығы, инженерия мамандықтары. «Аризона университетінде тіпті медицина мамандығы да мықты болып саналады. Сондықтан медицина факультетін ашу да жоспарланған», - деді Қуаныш Ерғалиев


ҚР Білім және ғылым вице-министрі мемлекет тарапынан гранттар бөлінетінін мәлімдеді. Сонымен қатар ақылы оқуға да мүмкіндік беріледі.

«Қазір қарасаңыздар, Қазақстанда оқимын десеңіз көптеген жақсы университеттеріміз бар. Шетелге барамын десеңіз, «Болашақ» бағдарламасы бар. Президентіміздің тапсырмасы бойынша британиялық университеттердің, Ресей университеттерінің филиалдары ашылып жатыр. Қазіргі жастарға оқуға, еңбек етуге, білім алуға барлық жағдай жасалды», - дейді ҚР Білім және ғылым вице-министрі Қуаныш Ерғалиев.