ҰБТ кезінде әр талапкерді екі камера бақылайды

506
Биылдан бастап   бітіруші түлектерге ҰБТ кезінде бақылау жұмыстары күшейтілмек , - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Білім және ғылым министрлігінің мәліметінше, смартфон, шпаргалка және басқа да тыйым салынған заттарды алып өту әрекеті салдарынан тестілеуден өту мүмкіндігінен 90 талапкер айырылды. Алайда,  былтырғы ҰБТ-мен салыстырғанда тыйым салынған заттарды алып кіру әрекеттері 3 есе азайған.

Бұдан былай, ҰБТ үш деңгейлі жүйе бойынша өткізіледі: Face ID жеке басын сәйкестендіру арқылы, жеке куәлік бойынша, сондай-ақ тестілеу орнында жеке басын сәйкестендіру жүргізіледі. 

Биыл тестілеу алғаш рет «бір компьютер – екі камера – бір тестілеуші» қағидасы бойынша өткізілді. Егер бұрын тестілеу барысы әр компьютердің үстінде орналасқан бір ғана камерадан бақыланса, енді ҰБТ кезінде жеке тұлғаны сәйкестендіруге және бөгде адамдардың кіруіне жол бермеуге мүмкіндік беретін екінші (алдыңғы) камера орнатылды.