Балалар демалысын ұйымдастыруға арналған BalaCamp платформасы іске қолсылады

2 519

Фото:© Depositphotos.comБалалар демалысын ұйымдастыру үшін BalaCamp цифрлық порталы іске қосылады,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпараттық агенттігі Informburo.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстанда Ұлттық білім беру платформасының базасында балалардың демалысы мен сауықтырылуын ұйымдастыруға арналған "BalaCamp.kz" бірыңғай цифрлық порталын іске қосылады . Қазіргі таңда оны құру бойынша техникалық тапсырма әзірленіп жатыр.


"Цифрлық платформа білім беру-сауықтыру орталықтарына мемлекеттік бағдарламаларға тең шарттармен қатысуға, әкімшілік кедергілерді азайтуға, балаларды және іске асырылатын бағдарламаларды автоматты түрде есепке алуды қамтамасыз етуге, сондай-ақ жекеменшік сектордағы қаржы ағындарының ашықтығын арттыруға мүмкіндік береді", – деді Серік Жұманғарин. 

Қазіргі таңда Қазақстанда 100-ден астам жекеменшік білім беру-сауықтыру орталығы жұмыс істейді. Бұл орталықтар жыл сайын мемлекеттік сатып алу шеңберінде жергілікті бюджет есебінен, сондай-ақ "Қазақстан халқына" қоырың қолдауымен "Жаздық жолдама" жобасы арқылы қаржыландырылатын квоталар алады. 

"Бюджет қаражатын тиімді пайдалану мақсатында 2027 жылы 3 өңірде (Павлодар, Қостанай және Ақмола облыстарында) білім беру-сауықтыру қызметтерін жан басына шаққандағы қаржыландыру тетігін пилоттық режимде енгізу жоспарлануда. Сонымен қатар, жекеменшік орталықтарды қолдаудың қосымша шаралары "Даму" қорының жеңілдетілген несиелендіру тетіктері, материалдықтехникалық базаны жаңғырту арқылы пысықталуда", – деді Серік Жұманғарин. 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.