Тамыз айында өтетін Ұлттық бірыңғай тестілеуге өтініш қабылдау басталды

392
Тамыз айында өтетін ҰБТ-ға қатысу үшін өтініш қабылдау басталды- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Тестілеуге   өтінім қабылдау 25 шілдеде басталып, 30 шілдеге дейін жалғасады. ҰБТ-ға тіркелу Ұлттық тестілеу орталығының сайтында жүргізіледі. Тестілеудің өзі 10-13 тамыз аралығында өтеді. Негізгі ҰБТ секілді тамыздағы тестілеу де электронды форматта өткізіледі. Тіркелу кезінде тестіленушілер емтихан өткізілетін орынды, күнді және уақытты өздері таңдай алады. 

Негізгі ҰБТ-ға қатысқан талапкерлер бейіндік пәндер комбинациясын тамыз тестілеуінде өзгерте алады.
Тамыздағы ҰБТ шекті балл жинай алмаған талапкерлердің тестілеуден қайта өтіп, ЖОО-на ақылы негізде түсу үшін өткізіледі.

Естеріңізге сала кетсек, осы ҰБТ-ға биылғы және өткен жылдардың мектеп түлектері, колледж түлектері мен шетелдік мектепте білім алғандар қатыса алады.


 - Қаңтар-шілде аралығында өткен ҰБТ-да кей талапкерлер шекті балл жинай алмады. Шекті балсыз олар еліміздің жоғары оқу орындарына түсе алмайды. Біз осы балалардың ақылы бөлімге түсу мүмкіндігі болуы үшін, тамыз айында қайта тестілеуден өтуге жағдай жасадық. Оқуға түсу үшін шектік балл және әр пәннен кемінде 5 балл жинау қажет», – деді Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев.