Білім гранттарын бөлу механизмі мектептегі кәсіптік бағдарлаумен сәйкестендірілетін болды

460

Алдағы уақыттарда мемлекеттік білім гранттарын бөлу механизмі мектептегі кәсіптік бағыттау жұмыстарымен сәйкестендіріледі. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлімдеді, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.


Фото: pixabay.com

«Грант бөлу механизмі енді кәсіптік бағыттау жұмысымен ұштастырылады. Яғни, 7-сыныптан бастап әр өңірдің мектептерінде кәсіпттік бағыттау бойынша жұмыс істейтін педагогтер енгізіліп жатыр. Қазір пилоттық негізде Түркістан облысында 800 кәсіптік бағыттаушы дайындалды. Оның арнайы бағдарламасы да әзірленді. Бұл жоба алдағы уақытта еліміздегі барлық 7,5 мың мектепте енгізіледі. Осыған орай, балаға алдын ала еңбек нарығы және жаңа мамандықтар туралы ақпарат берілетін болады», - деді Ғылым және жоғары білім министрі.



Сонымен қатар Саясат Нұрбек енді жоғары оқу орындары мен кәсіптік білім беретін ұйымдар жаңа оқу бағдарламасын болжамсыз жасай алмайтынын айтты. Оның дерегінше, білім ордалары еңбек нарығындағы маман тапшылығы мәселесін ескеруі тиіс.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.