Биылғы ҰБТ сұрақтарында қандай өзгерістер болмақ
Ұлттық тестілеу орталығының басшысы Дидар Смағұлов ҰБТ-ға қандай сұрақтар қосылғанын айтты.
Смағұлов ең алдымен Абылай ханның атының тісі туралы сұрақтарға қатысты пікір білдірді. Айтуынша, ҰБТ-да мұндай сұрақ ешқашан болмаған.
"Кейбір ата-аналар осындай тапсырманы емтиханға дайындап жатқан шағын жеке орталықтың байқау сынақтарынан көріп, бұл сұрақты ҰБТ базасымен байланыстыра бастады. Содан соң оны бұқаралық ақпарат құралдары бірден іліп алды да (сәлем фактчекинг) мүлде басқа ой қалыптасып шыға келді, оны тіпті әлі күнге дейін беделді сарапшылар қолданып жүр.
Бірақ, мұндай сұрақтар ҰБТ-да болуы мүмкін емес: ең тәжірибелі педагогтер құрастырған әр тапсырма 2 тәуелсіз сараптамадан өтеді", - дейді ол.
Смағұловтың сөзінше, тест тапсырмалары базаға қабылданар алдында тағы бір мәрте тексеруден өтеді.
"Бірқатар уақыттан бері 120 000 тест тапсырмасының әрқайсысының артында тұрған, сапасына жауапты нақты адамдардың аты-жөндері бар.
Министрдің тапсырмасымен тәжірибесі, жетістіктері мен кәсібилігі тұрғысынан әзірлеушілерге қойылатын талаптар күшейтілді, әр тест тапсырмасының сапасы бойынша келісімшартта қосымша жауапкершілік енгізіліп, жосықсыз әзірлеушілердің тізімі (қара тізімге) құрастырылды, яғни ол тізімге кіру - ҰТО жұмысына қатысудың кез келген мүмкіндігін жояды", - дейді ол.
.