Елімізде эпилепсияның ауыр түріне шалдыққан балаларға операция жасалды
387
Алматы қалалық №2 клиникалық балалар ауруханасында алғаш рет эпилепсияның ауыр түріне шалдыққан бес балаға операция сәтті жасалды, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Аурухананың баспасөз қызметі мәлім еткендей, 2023 жылдың 13 қаңтары мен 16 қаңтары аралығында №2 қалалық клиникалық балалар ауруханасында әлемге әйгілі нейрохирург, германиялық профессор Ульрих Томаленің қатысуымен балалар нейрохирургиясы бойынша «Дәріге төзімді эпилепсиямен ауыратын балалардағы аз инвазивті функционалды гемисферотомия» атты бірегей шеберлік сабағы өтті.
Соның аясында неміс маманы жетекші қазақстандық нейрохирургтермен бірлесіп эпилепсияның күрделі түріне бес ота жасады.
Соңғы жылдары эпилепсия хирургиясы бойынша жаңа технологиялар енгізілуде. Олар бұрын мұндай емделу мүмкін болмаған науқастардың сауығып кетуіне мүмкіндік береді.
Профессор атап өткендей, микрохирургиялық аз инвазивті әдістемені қолдану бойынша осы хирургиялық араласулар кезінде компьютерлік ассистенция міндетті түрде қолданылады.
Айта кетейік, ота міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында тегін жасалды.

Біздің бес кішкентай баламызға ота жасалды. Берлиндегі «Шарите» клиникасынан келген қонағымыз, профессор Тамаленің жетекшілігімен мастер-класс барысында эпилепсиямен ауыратын балаларға күрделі операциялар жүргізілді. Барлық операция сәтті өтті, балалар қазір нейрохирургия бөлімшесінде жатыр. Бұдан былай мұндай балаларға өз бетімізше операция жасаймыз деп ойлаймын,- деді №2 қалалық клиникалық балалар ауруханасының бас дәрігері Марат Рабандияров.
Соңғы жылдары эпилепсия хирургиясы бойынша жаңа технологиялар енгізілуде. Олар бұрын мұндай емделу мүмкін болмаған науқастардың сауығып кетуіне мүмкіндік береді.
Профессор атап өткендей, микрохирургиялық аз инвазивті әдістемені қолдану бойынша осы хирургиялық араласулар кезінде компьютерлік ассистенция міндетті түрде қолданылады.
Берлинде біз өзіміз бұл әдісті «3D-шындық» нейронавигациялық жүйесі арқылы енгізуді жақында ғана бастадық. Бұл заманауи технология осы қазақстандық клиникада пайда болғандықтан, біз осы әдісті Қазақстанда бірге енгізуді ұйғардық. Айта кету керек, балалар ауруханасының операциялық бөлмесі жоғары деңгейлі, заманауи медициналық техникамен жабдықталған. Әрі қарай үнемі дамып, техниканы да, жаңа әдістерді де жетілдіру өте маңызды, - деді неміс дәрігері.