ҚЫЗЫЛША АУРУЫНЫҢ АЛДЫН АЛУДА - ЕКПЕ ЕГУДІҢ МАҢЫЗЫ ЗОР
Облыста 6 қарашадан бастап 1 жасқа толмаған балаларға қызылшаға қарсы қосымша иммундау жұмыстары жүргізіледі,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Ал 2-4 жас аралығындағы балаларға екпе егу жұмыстары 5-ші желтоқсанда басталады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әлия Әбдіқайымова хабарлады.
Сонымен қатар тұрақты тіркелмеген, қызылшаға қарсы егілу дерегі жоқ азаматтар келісім бойынша бір рет иммундалады. Қызылшаға қарсы егілмеген 55 жасқа дейінгі медицина қызметкерлері де екпе алады. Бұдан бөлек, халық арасында ақпараттық түсіндірме жүргізіледі.", - деді Әлия Мүтәліпқызы.
Облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының бас дәрігері Айна Мұхамбетова қызылша ауруының белгілеріне тоқталып өтті.
Айта кетейік, жыл басынан бері облыста қызылша ауруының 708 дерегі тіркелсе, оның 611-і 14 жасқа дейінгі балалар арасында анықталды. Ал 1 жасқа толмаған нәрестелер арасында 163 жағдай орын алған.