Қазақстанда COVID-19 келгеніне тура бір жыл

282
Тура 2020 жылдың 13 наурызында Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырудың алғашқы екі дерегі анықталған еді.
КВИ жұқтырған алғашқы науқастар Алматы қаласынан анықталды. Олар Германиядан жақында ғана елге оралған азаматтар болып шықты. Дәл сол күні коронавирус оңтүстік астананың тағы бір тұрғыны мен Берлиндегі қазақстандық дипломаттың әкесінен расталды.
 Бұл жағдайлардан кейін Қазақстанда жалпыхалықтық карантин мен әр облыста жекелей төтенше жағдай режимі енгізілетіні жайлы хабарланды. Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларында қатаң карантин енгізіліп, қос шаһарға кіріп-шығуды блок-бекеттердің көмегімен шектеп тастады. 
Төтенше жағдай режимін алып тастағанымен КВИ жұқтыру қарқыны өсе берді. 
2020 жылдың жазында коронавирус инфекциясын жұқтыру мен оның салдарынан болған өлім санының шарықтау шегі орын алды.