Өңірімізде 22 нәресте дүние есігін ашты

355
Халықаралық 8 наурыз мерекесі күні денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сабит Пазылов облыстық перинаталдық орталығында «Халықаралық әйелдер күні» мерекесінде босанған аналарды құттықтап, жылы лебізін білдірді.
Мереке күні өмірге келгендердің он үші қыз бала болса тоғызы ер бала. Соның ішінде біреуі егіздер.
Басқарма басшысы аналардың демографияға қосқан үлесі үшін алғысын білдіріп, шын ниетімен гүл шоқтары мен сыйлықтар сыйлады.