Қандай жағдайда ревакцинация жасамау керек? Маман түсіндірді
354
Елімізде халықты вакцинациялау және ревакцинациялау процесі қарқынды жүріп жатыр. Қай вакцинаны егуді адамдар өздері таңдайды. Осы орайда елордалық №2 қалалық емхананың терапевт дәрігері Қалдыгүл Жанбосынова екпе алу мен ревакцинациялаудың маңыздылығын түсіндірді,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.
Маманның айтуынша, мұнда күніне 150-200 адам қайта вакцинацияланады.
"Көпшілік сұрақ қояды: ревакцинация үшін кез келген вакцинаны таңдауға бола ма? Әрине, азаматтар қолда бар вакциналардың кез келгенін таңдай алады. Дегенмен, айта кететін жайт, егер науқас алдымен Sputnik V екі компонентімен вакцинацияланған болса, онда қайта вакцинациялау үшін басқа вакцинаны таңдаған жөн, өйткені Sputnik V векторлық вакцина. Қайта вакцинациялау үшін инактивацияланғанын таңдау керек: Vero Cell, QazVac екпесін алу керек", - деді Қалдыгүл Жанбосынова.
Терапевт қай жағдайларда қайта вакцинациялаудың қажеті жоқ екенін түсіндірді.
"Қайта вакцинациялаудың өзіндік ерекшеліктері бар. Егер сіз респираторлық вирустық инфекциямен ауырсаңыз, екпе алуға келген уақытта қан қысымыңыз жоғары болса, өзіңізді нашар сезінсеңіз, ревакцинацияны кейінге қалдыруға болады. Мұндай жағдайларда науқастарға дәрігердің қарауынан өтуге кеңес береміз. Әрине, ревакцинация вирустан қорғайды, өйткені ағзадағы антиденелердің саны артады, дененің қорғаныс күші артады. Вакцинациядан және ревакцинациядан кейін жанама әсерлер анықталуы мүмкін: әлсіздік, дене қызуы, буындардағы ауырсыну. Бұл қалыпты құбылыс, қорықпаңыз ", - деп қосты маман.