Үздік дәрігерлерге 1 мың АЕК сомасында біржолғы төлем төленеді

1 362

Фото:  VitalikRadko/Depositphotos.comЕлімізде дәрігерлерге арналған мемлекеттік және ведомстволық наградалар қарастырылып отыр, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 

Бұл туралы Мәжілісте «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын таныстыру кезінде ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният айтты.


Оның айтуынша, заң жобасы аясында «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген дәрігері» бағыты бойынша жылына 3 атақ беріледі. Бұл тұрғыда 1000 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде біржолғы төлем ұсынылып отыр. Сондай-ақ саладағы үздің маман атты республикалық конкурстың 17 жеңімпазына 500 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде төлем аударылады.


«Жыл сайын медицина қызметкерлерінің күнінде елімізде ең үздің дәрігерлер анықталады. «Үздің ауыл дәрігері», «Үздік жалпы практикадағы дәрігер», «Үздік хирург» және басқа да мамандарды анықтап келдік. Енді заң жүзінде үздік дәрігерлердің марапаты белгіленіп, оларға айлық есептік көрсеткіш арқылы сыйақы беріледі», - деді Ажар Ғиният.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.