Алматы облысында зираттағы белгітастарды шимайлап кеткендер көптің ашуына тиді

267

Фото: pixabay.comАлматы облысынының аумағында орналасқан ауылда христиандар бейітіндегі белгітастарды шимайлап кеткендер іздестіріліп жатыр.


Басылым таратқан ақпаратқа сәйкес, белгісіз біреулер христиандар зиратындағы 19 белгітасты аэрозоль бояумен шимайлап кеткен. 


Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 294-бабы яғни, вандализм бойынша іс қозғап, кінәлілерді іздеп жатыр.


 Күдіктілер қолға түсіп, кінәсі дәлелденсе 466 мың теңгеден астам айыппұл салынады немесе қоғамдық жұмысқа жегіледі. 


Сонымен қатар 40 тәулікке қамау жазасы да қарастырылған. 


Бұл жағдайға қатысты пікір білдірген өңірдің полиция департаменті факті әлеуметтік желіні мониторингілеу кезінде анықталғанын жасырған жоқ.


 "Тәртіп сақшылары тез арада тексеруге кірісті. Анықталғандай вандализм оқиғасы Еңбекшіқазақ ауданы Ащыбұлақ ауылында болған. Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 294-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, кінәлілер іздестірілуде", - деді Алматы облыстық Полиция департаментінің ресми өкілі Ақбота Әзірбек.