Қызылордада мыңдаған комиссия мүшесі референдум өткізу ережесін меңгерді

2 523

© Қызылорда облысының аумақтық референдум комиссиясыҚызылордада 3 мыңнан аса комиссия мүшесі референдумды өткізу тәртібін меңгерді,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпараттық агенттігі Kazinform.kz сайтына сілтеме жасап.

Қызылорда облысының аумақтық референдум комиссиясы облыс орталығы мен аудандарда көшпелі оқыту семинары өткізілген. Комиссия хабарлағандай, 15 - ші наурыздағы республикалық референдумды өткізуге 9 аумақтық, 378 учаскелік комиссия дайын. Референдум қарсаңында 157 семинар ұйымдастырылып, 3252 комиссия мүшесі оқытылған. 
- Референдум процесін заң шеңберінде ашық әрі алқалы түрде өткізу және дауыс беруді ұйымдастыру - комиссия мүшелерінің тікелей міндеті. Президент жанындағы мемлекеттік басқару академиясының облыстық филиалымен бірлескен семинарда кәсіби лекторлар пулы референдумды өткізу тәртібі, дауыс беруші азаматтармен, қоғамдық бірлестік және БАҚ өкілдерімен жұмыс жасау алгоритмі туралы дәріс берген. Комиссия мүшелері сондай-ақ практикалық кейстерді талқылаған. Семинарға комиссия төрағасы, төрағаның орынбасары және хатшылар қатысты. Қалған комиссия мүшелері каскад әдісі арқылы білімін жетілдірген.© Қызылорда облысының аумақтық референдум комиссиясы


Семинар комиссия мүшелерінің заңнаманы білуіне, дауыс беруді ұйымдастыру тәртібіне негізделген. Практикалық кейстер мен рольдік ойындарға басымдық берілген. Қызылорда қаласындағы және аудандардағы құқық қорғау саласының өкілдері референдум кезінде құқықбұзушылықты болдырмау, дауыс беру учаскелерінде тәртіп сақтау ережелерін түсіндірілген.