Жалағаш ауданында мемлекеттік сатып алуда шикілік шықты
Қызылорда облысына қарасты Жалағаш ауданынында орналасқан мемлекеттік мекемелер 6 555 000 теңге айыппұл салынды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
«Әділдік жолы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Қызылорда облыстық филиалының басшысы Ләззат Бақтыбаева өзінің Facebook әлеуметтік желісінде “Мемлекеттік сатып алу порталына” жүргізген мониторинг жүргізіліп, біршама заңсыздықтарын анықталғандығын жариялаған болатын.
«Жалағаш ауданының 20 мекеме басшысына ЖК “Мәдимен” заң талаптарын бұзу арқылы жасалған келісім шарттар бойынша 34 хаттама толтырылып барлығы 6 555 000 теңге көлемінде айыппұл мемлекет қазынасына кірістірілді»,- деген жазба қалдырды.
Бір мекемен келісім шарт құрған мемлекеттік мекемелердің тізімі
- “Жалағаш аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі" КММ - 2 хаттама - 345 000 тг
- Жалағаш ауданы әкімдігінің "Жалағаш кенті әкімінің аппараты" КММ - 1 хаттама - 172 500 тг
- “Жалағаш ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" КММ - 1 хаттама - 172 500 тг
- Жалағаш ауданы әкімдігінің "Аққұм ауылдық округі әкімінің аппараты" КММ - 1 хаттама - 172 500 тг
- Жалағаш ауданы әкімдігінің "Қаракеткен ауылдық округі әкімінің аппараты" КММ - 1 хаттама - 172 500 тг
- Мәдениет ауылдық округі әкімі аппаратының "Мәдениет ауылдық клубы" КМҚК - 5 хаттама - 862 500 тг
- Жалағаш аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің "Мәдениет және өнерді дамыту орталығы" КМҚК - 1 хаттама - 172 500 тг
- Жаңаталап ауылдық округі әкімі аппаратының "Жаңаталап ауылдық клубы" КМҚКЖалағаш аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің "Мәдениет және өнерді дамыту орталығы" КМҚК - 1 хаттама - 172 500 тг
- Жалағаш ауданы әкімдігінің "Таң ауылдық округі әкімінің аппараты" КММ - 2 хаттама - 345 000 тг
- “Жалағаш аудандық мәслихат аппараты" ММ - 2 хаттама - 345 000 тг
- Жалағаш ауданының мәдениет және спорт бөлімінің «Жалағаш аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ - 3 хаттама - 517 500 тг
- Жалағаш ауданы әкімдігінің "Аламесек ауылдық округі әкімінің аппараты" КММ - 2 хаттама - 345 000 тг
- Жалағаш ауданы әкімдігінің "Аққыр ауылдық округі әкімінің аппараты" КММ - 2 хаттама - 345 000 тг
- Ақсу ауылдық округі әкімі аппаратының "Ақсу ауылдық клубы" КМҚК - 2 хаттама - 345 000 тг
- "Қызылорда облысының білім басқармасының Жалағаш ауданы бойынша білім бөлімінің "№116 орта мектебі" КММ - 2 хаттама - 690 000 тг
- Жалағаш ауданының мәдениет және спорт бөлімінің "Наркескен спорт клубы" КММ - 1 хаттама - 345 000 тг
- Аққұм ауылдық округі әкімі аппаратының "Аққұм ауылдық клубы" КМҚК - 2 хаттама - 345 000 тг
- «Жалағаш ауданының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі» КММ - 1 хаттама - 345 000 тг
- "Жалағаш аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" КММ - 1 хаттама - 172 500 тг
- "Қызылорда облысының білім басқармасының Жалағаш ауданы бойынша білім бөлімінің "№19 санаторлық бөбекжай-бақшасы" КММ - 1 хаттама - 172 500 теңгені құраған.
Шындығында, біздің аймақта мемлекеттік қызметшілермен жасалынған бұл сияқты заңсыздықтар жетерлік.
Алайда бір мекемемен келісім шарт жүргізген 20-дан астам мекеменің заң бұзғандығы анықталып, айыппұл салынғандығы белгілі болды.