Жалағашта құтқарушылар күніне орай аудан әкімінің орынбасары сала мамандарын марапаттады
Аудан әкімінің орынбасары Әліби Байнахатовтың төрағалығымен 19 қазан – Құтқарушы күніне арналған мерекелік қабылдау өтті. Салтанатты шараға төтенше жағдайлар саласының ардагерлері мен қызметкерлері қатысты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Құтқарушылар күні – ел қауіпсіздігін сақтау жолында аянбай еңбек етіп жүрген мамандардың кәсіби мерекесі.
Бұл арнайы қызмет 1995 жылы Мемлекет басшысының Жарлығымен құрылған болатын. Содан бері төтенше жағдайлар қызметі адам өмірі мен табиғи апаттардың салдарын жоюда, сондай-ақ қауіптің алдын алуда маңызды рөл атқарып келеді.
Аудан әкімінің орынбасары Әліби Қодарұлы Байнахатов өз сөзінде сала қызметкерлерінің еңбегін жоғары бағалап, кәсіби мерекемен құттықтады:
Ардагерлер мен жас мамандарға құрмет көрсетілді
Мерекелік қабылдау барысында сала ардагерлері Сұлтан Нұрбекұлы мен Мейрамбек Ақбергенұлы сөз алып, тәуекелге толы қызметті абыроймен атқарып жүрген әріптестеріне жылы лебіздерін білдірді.
Олар құтқарушылардың қоғамдағы маңызын атап өтіп, жас мамандарға адал қызмет пен елге деген жауапкершілік үлгісін сақтауға шақырды.
Үздік қызметкерлер марапатталды
Жиын соңында төтенше жағдайлар саласындағы үздік қызметкерлер мен ардагерлерге Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының, сондай-ақ аудан әкімінің Алғыс хаттары табыс етілді.