Қызылордада бір айлық сәби әуе көлігімен жедел жеткізілген

2 514

Фото: ТЖМҚызылорда облысының Төретам кентінен бір айлық сәби шұғыл түрде Қызылорда қаласына эвакуацияланған,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі.

Шұғыл медициналық көмек көрсету үшін кезекті санитарлық рейсті ТЖМ "Қазавиақұтқару" авиакомпаниясының тікұшақ экипажы орындаған.

"Әуе кемесінің бортында экипажбен бірге баланы ертіп жүрген медицина қызметкерлері болды. Ұшқыштардың кәсібилігі мен медициналық бригаданың үйлесімді жұмысының арқасында ұшу сәтті өтті. Бала медициналық мекемеге жеткізілді және мамандардың бақылауына берілді", – делінген ТЖМ баспасөз қызметінің ақпаратында.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.