Алматыда мас ер адам көшеден өтіп бара жатқан қызға себепсіз шабуыл жасады

299

Фото: pixabay.com24 наурыз күні Алматы тұрғынына белгісіз ер адам пышақпен шабуыл жасады.

Бойжеткеннің сөзінше, соққы арқадан жасалған, осылайша өкпесіне зақым келген.

"Ота жасады. Қазір жағдайым жақсарды. Дәрігерлерге рахмет", - деп жазды ол. 
Бойжеткен өзіне шабуыл жасаған азаматты танымайтынын айтты. Сондай-ақ ол желіде Бостандық аудандық полиция басқармасы аталмыш факті бойынша қылмыстық іс қозғағаны туралы хабарламаның скриншотын салған.

Онда ер адамның мас күйде болғаны да айтылған.
 Бұл жайтқа қатысты құзырлы орган да пікір білдірді. 

"Алматы полиция департаменті бұл қылмысқа күдікті азаматты ізін суытпай ұстағанын мәлімдейді. Ол 1969 жылы туған азамат болып шықты. Күдікті өткен түнде мас күйінде көшеден өтіп бара жатқан қызға себепсіз шабуыл жасап, пышақ жарақатын салған. Қазір жәбірленуші ауруханада. Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 293 бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр", - дейді Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі. 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.