ҚЫЗЫЛОРДАДА БАЛАБАҚШАЛАР ЗАҢ ТАЛАПТАРЫН ӨРЕСКЕЛ БҰЗУДА
Қызылорда облыстық білім басқармасы мен "Әділдік жолы" Республикалық қоғамдық бірлестігінің Қызылорда облысы филиалының директоры Ләззат Бақтыбаевамен бірлесе ұйымдастырылған зерделеу тобы облыс аумағында орналасқан балабақшалардың заң бұзушылықтарын анықтауда, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Ұлттық тәрбие беру-ұрпақ санасына ғасырдан-ғасырға жалғасып келе жатқан, өз ұлтымыздың жауһарларын сіңіру болып табылады. Біздің дана халқымыз қай кездеңде де ұрпақ тәрбиесіне ұлт болашағы деп қарап, үлкен көңіл бөлген. Ертеңгі болашақ бүгінгі бүлдіршіндеріміз екендігі ақиқат. Осы орайда мемлекет тарапынан балабақшалар мен білім беру мекемелеріне қыруар қаржы қарастырылып, бір емес бірнеше бағдарламалар да қалыптасқан. Мемлекетіміздің қолдауын табыс көзіне айналдырып, кәсіп ашып, тіпті кейбір мекемелер тарапынан заң талаптарының бұзылуына әкеп соғатындығы анықталуда.
Жасыратыны жоқ балабақшалар санитарлық және басқа да талаптарға сай емес екендігі жиі айтылып келеді. Жағдайы жасалмаған ғимараттарда өскен бала не көреді? Қандай тәрбие алады? Ол тәрбие мен білім алатын орын ғой. Егер де балабақша иелерінің өзі осындай жағдайға жеткізіп отырса, олар балалардың жағдайын ойлап отыр дей алмаймыз. Біз осыған тосқауыл қоюымыз керек. Қажет болса, құқық қорғау органдары кемшіліктерді анықтап, заң аясында шара көруі тиіс емес пе?
Осы орайда Қызылорда облыстық білім басқармасы мен "Әділдік жолы" Республикалық қоғамдық бірлестігінің Қызылорда облысы филиалының директоры Ләззат Бақтыбаевамен бірлесе ұйымдастырылған зерделеу тобы жүргізген мониторинг барысында өрескел заң бұзушылықтар анықталған. Мәселен, Жалағаш Ауданының Аққыр Ауылдық Округі Әкімінің “Алтын ұя” балабақшасына мониторинг жасалып, балабақшаның 2-ші ғимаратында дүкен ашылғандығы және тұрғын үй ретінде қолданылып жатырғандығы және 20 бала рұқсат етілген 1 ғимараттың ғана қызмет көрсетіп отырғандығы анықталған. Жалағаш аудандық санитариялық - эпидемиологиялық бақылау басқармасымен кемшіліктер бойынша кәсіпкерге 793 500 теңге айыппұл салынған.
Бүгінде балабақшалар тарапынан бала тасымалдау қызметі көрсетіліп жүргендігі белгілі. Алайда, түрлі жол апаттары мен келеңсіз жағдайлардың орын алуына байланысты бала тасымалы берілген шекті санынан аспайтын, бала тасымалдайтын көлік екендігін білдіретін арнайы жолақты не болмаса сары түсті көлік болуы тиіс деген шара көрілген болатын. Ал, «Ақ Ислам» жеке балабақшасының зерделеу тобы келген уақытта 20 баланы көлікке тиеп жібергендігін Ләззат Бақтыбаева өзінің арнайы әлеуметтік желідегі Facebook парақшасына жариялаған болатын.
«Қызылорда облысының Білім басқармасына хат жолданып, мониторингтік топ құрылып мамыр айында бастау алып, 115 мектеп тексерілді.Олардың ішінде №8 «Бақытты балақай» балабақшасы күнделікті бала келді деп белгілеп отырған, тексеру барысында балабақшаға сәйкес жабдықталмағандығы анықталды. Бүгінгі балабақшада 109 бала келді деп белгілеп небәрі 39 бала келгендігі анықталды. Сонымен қатар, «Ақ Ислам» балабақшасында 3 ART Sport үйірмесі қызмет жасап жатқандығы анықталды. Осы орайда журналисттік түсірілім жқмыстары жүргізілмес бұрын үйірме балаларын тасымалдау жұмыстарында заңбұзушылықтар орын алды.»,- дейді "Әділдік жолы" Республикалық қоғамдық бірлестігінің Қызылорда облысы бойынша филиал басшысы Ләззат Бақтыбаева.
Тіпті бала басына тиесілі керуеттердің жоқ екендігі анықталса, енді бір балабақшалардың санитарлық талаптарға сай емес екендігі анықталған. Тексеру жұмыстары барысында полиция қызметкерлеріне тіл тигізіп, зерделеуші топ құрамына да қоқан-лоқы көрсетіп жатқандығын аңғаруға болады.