Қызылордада 7 жасар бала бесінші қабаттан құлап кетті

1 431

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті Қызылорда қаласында жеті жасар ер баланың бесінші қабаттан құлап кеткенін мәлімдеді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Оқиға 12 шілде сағат 12.45 шамасында Жаппасбай батыр көшесіндегі көпқабатты үйдің бірінде болған.


"Бес қабатты тұрғын үйдің бесінші қабатынан 2016 жылғы ер бала құлап кеткен. Ол алған дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді. Жағдайы орташа ауыр деп бағаланып отыр. Тұрғындардан бүкіл қауіпсіздік шараларын сақтауды сұраймыз", - деді облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Айгүл Нұрманова.


Ведомство мәліметінше, жыл басынан бері жеті бала көпқабатты үйдің терезесінен құлап, біреуі алған дене жарақатынан көз жұмды.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.