Қызылордалық жұмысшыларға 4 млрд теңгеге жуық экологиялық үстемақы төленбеген

770

Қызылорда облысында 38 мыңнан астам жұмысшының жалақысына экологиялық үстемақы төленбеген, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі. 


"Заңға сәйкес, қолайсыз экологиялық жағдайда өмір сүргені үшін өңір тұрғындарына жалақыға отыздан елу пайызға дейін үстемақы төленеді. Бірақ соңғы үш жылда 38 820 азаматтың жалақысына 3,9 миллиард теңге экологиялық үстемақы төленбегені анықталды", - дейді облыстық прокуратура.


Прокуратура облыс әкіміне қадағалау актісін жіберген.


"Осыған байланысты Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың атына құқықтары бұзылған азаматтарға экологиялық үстемақы төлеуді қамтамасыз ету туралы қадағалау актісі енгізілді. Қазіргі күні 12 925 жұмысшыға 1,1 миллиард теңге сомасында үстемақы төленді", - дейді ведомство.


Олқылыққа жол берген жауапты мамандар мен жұмыспен қамту орталықтарының директорлары тәртіптік жауапқа тартылды.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.