Қызылордада баланың өмірін сақтап қалған дәрігер ауруханада тұсауын кесті

86

Қызылорда облыстық балалар ауруханасында “тұсау кесер” рәсімі өтті, - деп хабарлайды “Opennews.kz” ақпарат агенттігі. 


Дәрігерлердің айтуынша, бір жасар бала жазатайым оқиғадан кейін ауруханаға ауыр күйде түскен. 


“Анасының айтуынша, сәби үйінде бадам жаңғағын жеп отырғанда шашалып қалған. Жаңғақ кеңірдегіне түсіп, тыныс алу жолын бітеп тастаған. Сөйтіп бала тыныс ала алмай тұншыға бастайды. Сондай-ақ сатурациясы төмендеп, жүрек соғуы әлсіреген”, – дейді дәрігерлер. 


Сәбиді кезекші реаниматолог-анестезиолог Игорь Михайлович Самсонов пен хирург Самат Сайлайұлы Шуахбаев құтқарған.

“Олар шамамен бір сағатқа созылатын шұғыл техникалық жағынан күрделі ота жасады. Баланы өлімнен арашалап қалды. Қазір жағдайы жақсы", - дейді дәрігерлер.


Осыдан кейін ата-анасының өтініші бойынша балаға ауруханада “Тұсау кесер” рәсімі жасалған.


"Баламыздың тұсауын Самат Сайлайұлының кескенін қаладық. Бауыр етімді құтқарған дәрігерлерге осылай құрмет көрсеткім келді. Біз үшін де бұл - үлкен абырой", - дейді баланың анасы.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.