Алматыда жүздеген қазақстандықтың шотынан ақша алған хакер қолға түсті

333
Алматы полициясы интернеттегі алаяқтық әрекеттермен айналысқан хакер құрықталды. Ұсталған адамнан 2 млн. теңгеден астам ақша, 70-ке жуық SIM-карта және 18 банк картасы тәркіленді. Бұл туралы Алматы полиция департаментінің онлайн-брифингі барысында айтылды.
1992 жылы туған азамат өз "құрбандарын" танымал хабарландыру сайтының қосымшасы арқылы тапқан. Содан кейін фишингтік сайт арқылы (жеке ақпаратты алу үшін арнайы жасалған сайт - ред.) сатушылардың банк карталарының толық деректерін - карта нөмірін, CVV-кодын иемденіп алған және онлайн-қолма-қол ақшаға айналдыру үшін бөгде сервистер арқылы заңсыз аударымдар жасаған. 
"Қылмыс схемасы мынадай: жәбірленушілер сайтта қандай да бір тауарды сату туралы хабарландыру жариялайды, содан кейін зиянкестер оған оның тауарына қызығушылық танытып, сатып алғысы келетіні туралы жазады, бірақ әртүрлі себептермен жеке кездесуден бас тартады және тауардың құнын банк картасына төлеуді ұсынады.