Қызылордада полиция қызметкерін үш жерден пышақтап кетті

5 986

Қызылордада белгісіз адамдар полиция қызметкерін пышақтап кеткен, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.



Полицейдің пышақталғаны туралы ақпаратты Алтын Балмағанбетова өзінің facebook парақшасында жария етті.


"Облыс орталығындағы Титов ықшамауданындағы бұзақылар тобы полиция қызметкеріне  бірнеше рет пышақ сұққан. Бұл не сұмдық! Қазіргі жас полицейлердің бұзақылармен күресуге қауқары жетпегені ме? Онда зейнетке шыққан жедел уәкілдерді көмекке шақырсын", – деп жазды Алтын Балмағанбетова.


Ақпаратты Қызылорда облысының полиция департаментінің баспасөз қызметі растады.


"Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 380-1-бабының 2-бөлігінің 6-тармағы ("Бір топ адамдар алдын ала сөз байласу арқылы құқық қорғау органы қызметкерінің өміріне қол сұғу") бойынша қылмыстық іс қозғалды және объективті тергеу амалдары жүргізілуде", – деді ведомствоның баспасөз қызметі.


Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 201-бабының талаптарына сәйкес істің өзге де мәліметтері ашылмағаны атап өтілді. Ресми мәлімет бойынша, зардап шеккен полицей қазір үйінде, денсаулығы мен өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.