Қызылордада көпірлер құрылысы жандануда

2 166

Тұрғындардың теміржолдан өту қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған маңызды шаралар іске асырылып жатыр, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі Informburo.kz сайтына сілтеме жасап.


Республикалық бюджеттен 320 млн теңге бөлініп, Ғани Мұратбаев және Ахмет Яссауи көшелерінің қиылысындағы теміржол арқылы өтетін жаяу жүргіншілерге арналған көпір құрылысы қарқын алды. Бұл көпір қараша айына дейін пайдалануға беріледі. 


Бұдан бөлек, "Қызылжарма" каналы арқылы "Бәйтерек" тұрғын ауданына өтетін автомобиль көпірі салынып жатыр. Оның құрылысына 366 млн теңге бөлінді. Нысан жоспарлы мерзімде қолданысқа тапсырылады. 


Айта кету керек, теміржол арқылы өтетін жаяу жүргіншілер көпірі қалаға іргелес жатқан Белкөл кентінде де салынып, жыл басында табысталған болатын.




OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.