Қызылордалық кәсіпкер Тұрсынбек Қабатовқа ерекше сый жасады

2 535

Фото: Видеодан скринҚызылордалық кәсіпкер Әділет Байнашев танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовқа Умраға жолдама сыйлады, - деп хабарлайды Opennews.kz  ақпарат агенттігі.

Кәсіпкер өнер иесін өз мейрамханасында күтіп алып, құрмет көрсетті.

«2016 жылы Тұрсынбек ағамен танысқанмын. Танысқан күні сырласып, жақсы ағалы-інілі болып, 2017 жылы анамның тойын басқарып беретін болып уәде берген. Әрине, тегін. Ол – Тұрсынбек Қабатов қой. Ойлаңыздаршы, 2016 жылы анамның тойы болатын күнді ағам өзі белгілеп, бір ауыз сөзім үшін арнайы келіп басқарып берген. Алла қаласа, бүгін араға 10 жыл салып, сол жақсылығына өзімнің алғысымды білдірсем деп тұрмын. Тұрсынбек ағама отбасымыздың атынан умраға жолдама сыйладым», – деп жазды кәсіпкер.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.