ҚЫЗЫЛОРДАДА БЫЛЫҒЫ КӨП БІЛІМ ОРДАСЫ КӘСІПКЕРЛЕРДІ САН СОҚТЫРУДА
Қызылорда облысындағы білім саласының былығы азаяр емес, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Елімізде «Сатып алу туралы» жаңа заң қабылдандып, бәсекелестік пен ашықтықты қамтамасыз етуі тиіс делінген. Енді сатып алуда бармақ басты көз қыстының тірлігі алға баспайды. Тіпті бұған дейін олар қолданыстағы заңнама талаптарынан бөлек, өз ережелерімен тендер өткізіп, бір көзден беріп отырған еді. Енді бәрі өзгеше. Ашықтықты талап еткен заң жобасы жемқорлықтың тамырын жоюға бет бұрғандай-ақ. Осы орайда Қызылорда облысы Қазалы ауданы бойынша білім бөлімінің №249, 266 мектеп-лицейлері 1-4 сынып аралығындағы оқушыларды ыстық тамақпен қамтамасыз ету мақсатында конкурстық негізде хабарландыру жарияланған. Берілген тендерді бір кәсіпкерді қалай болса да алып шығып, қызғыштай қорыды деген Жәмиля ханым білім ордасындағы басшылардың ісі деп налиды.
Әділдік іздеген кәсіпкер үшін «Қызылорда облыстық кәсіпкерлер палатасы» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің зерттеу жұмыстары жүргізіліп жатқандығын атап өткен. Ал, қос директордың заңсыздығын елеп ескеретін жергілікті билік өкілі болмаса мемлекет басшысынан жәрдем сұраймын дейді.
Қазалылық кәсіпкер Жәмила Әзілханның әділдікке қол жеткізу үшін облыстық соттың, облыстық білім басқармасының, мектептің табалдырығын тоздырып жүргеніне жарты жылға жуық уақыт болған. Тендерді қайтадан жариялаған қос білім ошағы әккі айласын іске асырып отырғандығын айтып әлек. Себебі олар және комиссия мүшелері алдынғы тендерде жариялаған құжаттарының ішінде технологиялық картаны веб-порталға шығармаған екен. Нәтижесінде жеке кәсіпкер Әзілхан Жәмиляға зиянын тигізген.
Өз кезегінде мектеп қазіргі таңда 800-ден астам бала ыстық тамақпен қамтылғандығын алға тартуда:
Шешімге келіспеген кәсіпкер Ж.Әзілхан облыстық аудит департаментіне қарсылық білдірген шағым түсіріп, департамент Ж.Әзілханды жеңімпаз деп таныды. Алайда №249 мектеп-лицейдің конкурстық комиссиясы ҚР Қаржы министрлігіндегі комитетке аудит департаментінің соңғы шешіміне байланысты қарсылық білдірді. Нәтижесінде кәсіпкер Б.Панова қайта жеңімпаз атанды.
Бұдан кейін Ж.Әзілхан аталған мектеп үстінен сотқа талап арыз берді. Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты конкурс хаттамаларының күші жойылсын деп шешім шығарды. Соған сәйкес, №249 мектеп-лицей 4 қыркүйек күні қайта конкурс жариялады. Оған 4 өнім беруші құжат тапсырып, 3 кәсіпкердің ұпайы тең түсті. Атап айтсақ, Ж.Әзілхан, Ш.Имандосова және Б.Панова 18 ұпай жинап, электронды веб-портал құжатты бірінші тапсырған Б. Панованы жеңімпаз деп таныды.», - деп ресми мәлімдеген Е. Бозғұлов атындағы №249 мектеп -лицейі қызметкерлері.
Мемлекеттік мекемелердің көбі тендерді тыныш өткізіп, барлығын бір көзден сатып алуға бейім. Мұндай бей-берекетке жол беретін негіздемелерді қысқартпақ болған арнайы агенттік тіпті мемлекеттік органдар тарапынан қарсылыққа тап болған жағдайлар да аз емес. 48 миллион теңгені бір кәсіпкердің қанжығасына байлап беру де сыбайластықтың бірі деп таныған кәсіпкер Жәмиля жоғары лауазымды атқа мінер азаматтарымыздан араша сұрайды.