Қызылордада қоғамдық көлік жүргізушілері тұрғындардың наразылығын тудыруда

352

Қызылордалық “Автобус паркінің” жүргізушілері жол ережесіне  бағынбауда, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі. 


Аймағымызда халық игілігіне арналған су жаңа автобустардың саны күн санап артуда. Бұрынғыдай жетіспей жатқан қоғамдық көліктердің ауылы алыста қалып келеді. Шағын болса да, соңғы үлгіден кем емес, бір қуантарлығы Қызылорданың аптап ыстығына арналған желдеткіштері де бар. 


Десе де әлеуметтік парақшаларда автобус паркіне қатысты тұрғындар тарапынан жиі наразылық естудеміз. Әдетте халықтың шағымы көлікке емес, жүргізушілерге бағытталуда. 


Шағымдардың бірқатары  “Қызылорда” автобус паркінің” жүргізушілері жол ережесін елемей, жылдамдықты асырып, жолаушыларға дөрекілік танытып, тіпті жолақысының артық қайтарымын бермейтіндері де бар дейді тұрғындар. Ең сорақысы көлікке мінген жандардың өміріне жауапты екендігін естен шығарған жүргізушілер көлік құралын басқарып отырып, ұялы телефонмен сөйлесуді әдетке айналдырғандай-ақ. 


Бұл жайында шағым білдірушілер қатары көбеймесе азаяр емес. 


“Автобус жүргізуші өте дөрекі Адамдар ә десе мә деп тұр. Мен жолақымды Kaspi QR-мен төлеген болатынмын. Басқа автобустар оқушы болғандықтан 40 теңге қайтарып беретін. Бірақ бұл автобустың жүргізушісі маған дөрекі сөйлеп, “ақшаңды акиматтан аласың” деп айтты”, - деді Сымбат есімді оқушы. 


Әрбір жүргізуші үшін жолаушының қауіпсіздігі басты назарда болуы керек. Жолаушылар тасымалында жүру уақыттарын болдыра алмай аялдамада ұзақ аялдаса, кейде уақытынан қалып, бір-бірімен жарыса жөнеледі. Заң бәріне ортақ, алайда қоғамдық көлік  жүргізушілеріне қатысы жоқ па дерсіз. Қоғамдық көлік жүргізушілерінің ұялы телефонмен сөйлесіп көлік айдайтыны жасырын емес. 



Жолаушы тасымалдайтын қоғамдық көлік жүргізушілері адам өміріне қауіп төндіріп, тіпті мерт болғандарда жетерлік. "Қызылордада қоғамдық көлік жаяу жүргіншіні қағып кетті" атты мақаламыз да жарияланған болатын. 


Адам өмірі басты құндылығымыз деп білсек, қоғамдық көлік жүргізушіері ғана емес, жалпы көлік жүргізушілері жол ережелерін сақтаса игі.


Тоты Айтжанқызы