Қармақшыда құс фабрикасы жұмысын бастады

2 567

Фото: Облыс әкімдігіОблыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев «Қармақшы құс» ЖШС құс фабрикасының ашылу салтанатына қатысты, - деп жазды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Аймақ басшысы қармақшылықтарды жаңа өндіріс орнының ашылуымен құттықтады.


«Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы халыққа арнаған Жолдауында «Елімізде сапалы ет, сүт, астық өнімдерін терең өңдеуді дамытуға бағытталған жобаларға басымдық берген абзал. Құс фабрикаларын, көкөніс қоймаларын, ет өнімдерін шығаратын кәсіпорындар ашу арқылы азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажет», - деген болатын. Облыста құс етіне қажеттілік жылына 14,1 мың тонна. Оның барлығы сырттан келетін. Енді өзімізде өндіріледі. Аймақ тұрғындарын жергілікті өніммен қамтимыз. Жалпы 3 млрд теңгеге іске асқан жобаның бастапқы 456 млн теңгесі «Байқоңыр» әлеуметтік- кәсіпкерлік корпорациясынан бөлінді. Кәсіпкер былтыр «Аграрлық несие корпорациясынан» 880 млн теңге жеңілдетілген несие алып, құс фабрикасын жабдықтады. Жергілікті атқарушы орган инфрақұрылым жүйелерін тартуға қолдау көрсетті. Индустрияландыру бағдарламасы аясында республикалық және облыстық бюджеттен 443,2 млн теңге бөлініп, инженерлік инфрақұрылымы толық жеткізілді. Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі маңызды жоба – құс фабрикасын салған кәсіпкер Нұрлан Тұрғанбекұлына Сыр жұртшылығы атынан шынайы ризашылығымызды білдіріп, алғыс айтамыз!», - деді Нұрлыбек Машбекұлы.


Іс-шарада қоғам қайраткері Бекмырза Еламанов жерлестерін құттықтап, ауыл ардагері Исабек Көміршиев жиналған көпшілікке бата берді. Сондай-ақ, ауқымды жобаны іске қосуға атсалысқан азаматтар марапатқа ие болды.


Құс фабрикасының жылына 1500 тонна құс етін өндіруге мүмкіндігі бар. Кәсіпорын толық қуаттылыққа шыққанда 160 адамды жұмыспен қамтиды.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.