40 градус ыстық: Синоптиктер алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын ұсынды

397
Синоптиктердің болжамынша, еліміздң көп бөлігінде әлі де найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Тек Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-батысында құрғақ және ыстық болады. Кей жерлерде екпінді жел күтіледі. Солтүстікте кей жерлерде тұман түсуі ықтимал. Ал батыста ауа температурасы түнде +17+25 градус, күндіз +28+39 градус болса, республиканың солтүстігінде, солтүстік-батысында түнде +6 +21 градусқа, күндіз +20+36 градусқа дейін көтерілмек. Елдің орталығында және шығысында ауа температурасы түнде +7+20 градус, күндіз +23 +35 градусқа дейін жетуі ықтимал. Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығысында түнде +12+22 градус болса, күндіз +29+40 градусқа дейін аптап ыстық күтілуде. Еске сала кетсек, бұған дейін Шығыс Қазақстанда бұршақ жауып, қатты дауыл тұрғанын жазған едік. Жергілікті тұрғындар бұршақтың пішіні коронавирустың молекуласын еске түсіретіндіктен, оны "коронавирустық" бұршақ деп атаған болатын. Одан бөлек, Қазақстанда аптап ыстықтан 30 жыл бұрынғы рекорд жаңарғанын хабарлаған болатынбыз. Жаздың бірінші айында еліміздің батысы, сондай-ақ республиканың оңтүстік өңірлері субтропикалық ауа массаларының әсерінде болып, 46 градус ыстық тіркелген.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.