Қызылордада ауруханаларға мониторинг жасалды
2023–2027 жылдарға арналған «Халықпен бірге!» сайлауалды бағдарламасында «AMANAT» партиясы денсаулық сақтау саласын дамытып, медициналық көмектің қолжетімділігін кеңейтуге ерекше назарына алды ,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Оның ішінде жаңа медициналық нысандар салуға, медициналық ұйымдардың жоғары технологиялық құралдармен жабдықталуына, медицина кадрларының жетіспеушілігін төмендетуге, сонымен қатар медициналық нысандарға күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге қаржы қарастыруды мақсат етті. Бүгінгі бұл бағыттағы жұмыстар кезең-кезеңімен жүзеге асуда. Бүгін партияның облыстық филиалының төрағасы Алмасбек Есмаханов партияның облыстық және қалалық филиалдары жанындағы партиялық бақылау комиссиясы өкілдері, облыстық, қалалық мәслихаттардағы депутаттық фракция мүшелерімен бірге облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына жасалып жатқан күрделі жөндеу жұмыстарына мониторинг жүргізді.
Қызылорда облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының ірге тасы 1989 жылы қаланған. Ауысымына 400 адаммен жұмыс жасайды. 185 төсекке лайықталған. Бүгінде аймақ басшысының қолдауымен 40 жылға жуық күрделі жөндеу көрмеген ғимарат қайта түлеуде.